<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>207</hymn_number>
<title>Әрдайым қуанып жүріңдер шаттанып РӘЖ207</title>
<lyrics>[V1]
 Әрдайым қуанып жүріңдер шаттанып,
 Жүрек сырын Тәңірге бірге ақтарып.
 Бақытты болайық отырған бәріміз,
 Көкке жетсін бірігіп салған әніміз.

[C1]
   Жұмақтың гүлін терейік,
   Шын жүректен Исаға келейік.
   Жұмақ кілті тек Соның қолында,
   Жүрейік күмәнсіз соңында.

[V2]
 Бір-біріңді ұғынып сыйлап өтіңдер,
 Жұмаққа қол ұстасып бірге жетіңдер.
 Сүйіспеншіліктерің шынайы болсын,
 Бастарыңа кетпейтіндей бақыт қонсын.

[V3]
 Құтты болсын бас қосқан осы тойларың,
 Бірге болсын бар кезде арман, ойларың.
 Сәт сапар тілейміз, оң болсын жолдарың,
 Жазылмасын мықты ұстаған қолдарың.</lyrics>
</song>